Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Ғұсман Қырғызбаев Астана Гран Слэм турнирінің финалына шықты

09.05.2025, 15:50

Жарысқа Қазақстаннан 40 дзюдошы қатысып жатыр

Қазақстан дзюдо федерациясы

Астана қаласында дзюдодан әлемдік Гран Слэм турнирінің бірінші күні  Қазақстаннан 13 дзюдошы татамиге шыққан болатын. Оның екеуі финалға шығып, екеуі қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды.

60 келіде күрескен Талғат Орынбасар мен 66 келіде Ғұсман Қырғызбаев жарыстың алтыны үшін күреседі. 19 жастағы Талғаттың финалдағы қарсыласы – IJF туының атынан өнер көрсететін ресейлік Изнаур Сааев. Ғұсманның қарсыласы да ресейлік балуан – Рамазан Абдуллаев.

60 келіде бақ сынаған Мағжан Шамшадин мен Аман Бақытжан қола медальға таласады. Мағжан француз Ензо Жеанмен күрессе, бүгінгі жарыс күнінің сенсациясы Аман кореялық Ли Хариммен қола жүлдені сарапқа салады.

Еске салайық, Аман жарыс фавориті – Олимпиада және әлем чемпионатының жүлдегері тайпейлік Янг Юн Вейді жарыстан шығарды. Бұл – оның ересектер арасындағы алғашқы жарысы.

9-11 мамыр күндері өтетін Астана Гранд Слэмінде Қазақстан құрамасынан 40 дзюдошысы қатысатыны айтылған болатын. Елуге жуық елден 400-ден астам дзюдошы сынға түсетін жауапты турнирде жүлдегер 500-1000 аралығында рейтингтік ұпай иеленеді.

Жарнама
Жарнама