Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Азия чемпионы атанған атыраулық балуанға кәсіпкер баспана сыйлады

Редактор
09.05.2025, 16:07

Талғат Сырбаз ұлттық құрама сапында 70-74 келіде салмақта өнер көрсеткен

әлеуметтік желі

Еркін күрестен Азия чемпионы Талғат Сырбазға Атырау қаласынан баспана сыйға берілді. Белгілі болғандай, балуанға атыраулық кәсіпкер Арман Тоғаев пәтер табыс еткен.

Бұл туралы балуан желіде қуанышын жария етіп, көпшіліктің құттықтауына ие болды.

«Талғат бауырымызға пәтер», - деді атыраулық кәсіпкер Арман Тоғаев жария болған бейнежазбада.

Сондай-ақ, Арман Тоғаев Атырау қаласынан «GLOBAL WRESTLING CLUB» атауымен күрес залын ашқанын атап, өзін қолдаған жандарға алғысын жеткізді.

Талғат Сырбаз біраз уақыт бойы ұлттық құрама сапында 70-74 келіде салмақта өнер көрсеткен болатын. Ол 2019 жылы Тайландта өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында чемпион атанған. Сонымен бірге, 2021 жылы Алматыда ересектер арасында өткен Азия чемпионатында 70 келі салмақта жеңіске жетті.

Бұдан бөлек, былтыр Астанада өткен Қазақстан чемпионатында 74 келі салмақта күміс жүлдеге қол жеткізді. Ол Париж Олимпиадасына жолдама беретін лицензиялық жарысқа қатысуы тиіс болған. Алайда белгілі жағдайға қатысты балуан бұл сыннан тыс қалған еді.

Жарнама
Жарнама