Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Талғат Орынбасар Астанадағы Гранд Слэм турнирінің күміс жүлдегері атанды

09.05.2025, 17:56

Бұл салмақтағы екі қола жүлде де Қазақстан дзюдошыларына бұйырды

Қазақстан дзюдо федерациясы

Дзюдодан елорда төрінде өтіп жатқан Гран Слэм турнирінде қазақ балуаны Талғат Орынбасар күміс жүлдеге қол жеткізді. 60 келіде белдескен отандасымыз ақтық сында ресейлік Изнаур Сааевтан жеңіліп қалды.

19 жастағы Талғат Орынбасар бүгінгі жарыс күнінде Қазақстан құрамасынан финалға шыққан алғашқы дзюдошы болды. Ол ақтық сынға дейін төрт белдесудің бәрін жеңіп, жанкүйерлердің қошеметіне бөленді. 

Талғат алдымен моңғол балуаны Энэбиш Батсэрэден вазаримен басым түсті. 1/16 финалда Оңтүстік Корея спортшысы Хиесунг Хванды иппонмен жеңді. Ширек финалда өзбек мықтысы Достон Рузиевті юко әдісімен қапы қалдырды. Ал, жартылай финалдық белдесуде тағы бір қазақстандық Аман Бақытжанды иппонмен жеңген болатын.

«Жарыс керемет деңгейде өтіп жатыр. Қолдап жатқан барлық жанкүйерге алғысымды айтамын. Барымды салған едім, финалда сәл жетіспей қалды. Бұнымен тоқтамаймыз. Әлі де еңбек екеміз. Алдағы жарыстарда жеңімпаз болу үшін жұмыс жасайтын боламыз», - деді Т.Орынбасар.

Талғаттың бұл – ересектер арасындағы екінші жарысы. Биыл ол Аустрияда өткен Гран Приддің екінші айналымда жеңілген.

Айта кетейік, Талғат Орынбасар жастар арасында 2023-2024 жылдары әлем чемпионатында қола медаль алған. Одан бөлек, жастар сапында Еуропа кубоктарында бірнеше мәрте жеңімпаз атанған.

Жарнама
Жарнама