Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Ғұсман Қырғызбаев Олимпиададан кейінгі алғашқы жарысында күміс медаль жеңіп алды

09.05.2025, 18:59

Финалда ол ресейлік танымал балуан Рамазан Абдуллаевқа жол берді

Қазақстан дзюдо федерациясы

Париж Олимпиадасының жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев Астанада басталған Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде күміс медаль жеңіп алды. 66 келіде белдескен отандасымыз финалда бейтарап ту астында өнер көрсететін ресейлік балуан Рамазан Абдулаевқа вазари ұпайымен жол берді.

Қырғызбаев Астанадағы жауапты турнирде Түрікменстан, Оңтүстік Корея балуандарын жеңсе, жартылай финалда Қытай дзюдошысы Чэньсюэ Цзиянды қапы қалдырды. Осылайша отандасымыз Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің екінші мәрте күміс жүлдесін иеленді.

«Финалдық белдесуде аз ғана сәттілік жетіспеді. Оның үстіне, Олимпиада ойындарынан кейінгі алғашқы жарысым, қолдан келгенше күрестім. Енді жаттығуымды күшейтіп, алда келе жатқан жарыстарда, оның ішінде Әлем чемпионатында алтын жүлде алу үшін барымды саламын», - деді қазақ дзюдошысы белдесуден кейін.

Ғұсман былтыр 28 шілдеде Париж Олимпиадасында қола медаль иеленген болатын. 7 айдан астам үзіліс алған ол жаттығуға қайта оралып, елордағы турнирде топ жарып отыр.

Айта кететін жайт, Ғұсман Қырғызбаев 2023 жылы Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанған болатын.

Сондай-ақ, бүгін 60 келіде Талғат Орынбасар күміс жүлдеге ие болса, Мағжан Шамшадин мен Аман Бақытжан қола жүлдегер атанды. Сондай-ақ, 60 келіде Дәурен Сүйкенов, 66 келіде Бауыржан Нарбаев, Ердәулет Бозша, Мирас Жеңісов жүлдесіз қалды. Бұдан бөлек, әйелдер құрамасынан 48, 52, 57 татамиге шыққан балуан қыздар да іріктеу кезеңдерінен аса алмады.

Астанадағы  Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі 11 мамырға дейін жалғасады. Рейтингтік сынға әлемнің елуге жуық мемлекетінен 400-ден астам дзюдошы қатысатыны айтылған еді.

Жарнама
Жарнама