Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Таеквондодан әлем чемпионатында Қазақстан спортшысы алтын алды

Редактор
11.05.2025, 09:40

61 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Ромашкин Хамзаальпер жеңімпаз атанды

Қазақстан таеквондо федерациясы

Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында өтіп жатқан таеквондодан (WT) жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алтын медаль түсті.

61 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Ромашкин Хамзаальпер жеңімпаз атанды. Финалдық кездесуде ол канадалық Никола Самордичпен тартысты жекпе-жек өткізіп, жеңіске қол жеткізді.

Айта кетейік, отандасымыз алғашқы екі раундта қарсыласына 0:11 есебімен есе жіберіп тұрған болатын. Алайда үшінші раундтың соңына 20 секунд қалғанда шабуылды үдете түсіп, жалпы есепті 17:15-ке жеткізді.

Финалға дейін Ромашкин Иордания, Иран, AIN (бейтарап ту астындағы команда) және Тайпейден келген спортшыларды жеңіп шықты.

Биылғы әлем чемпионатына 80 елден 811 жасөспірім спортшы қатысып жатыр. Жарыс 14 мамырға дейін жалғасады.

Жарнама
Жарнама

Материалда: