Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Бейбіт Ыстыбаев 40 жасын Таразда дүркіретіп атап өтті

Редактор
11.05.2025, 01:45

Тойға елге танымал спортшылардың көбі келген

Фото әлеуметтік желіден

Қазақ күресінен «Қазақстан барысы» турнирінің үш дүркін жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев 40 жасқа толған мерейтойына орай Таразда той өткізді.

Бұл айтулы шараға оның отбасы мен туған-туыстарынан бастап, күрес аренасындағы үзеңгілес серіктері мен жақын достары да арнайы келген. Танымал спортшының мерейтойлық кешінде еліміздің әр өңірінен келген белгілі спортшылар мен бапкерлер жиналғаны айтылды.

Бұл тойға Бейбіт Ыстыбаевпен 2016 жылы «Қазақстан Барысы» турнирінің финалында күрескен балуан Жұманазар Ерсұлтан да арнайы келіп, өзінің бұрынғы қарсыласын ерекше құттықтады. Сол жылғы финалдық күрес – турнирдегі есте қаларлық белдесулерінің бірі саналады. Екі балуан да ерлік пен шеберліктің үлгісін көрсетіп, көрермендердің есінде қалған еді.

Бейбіт Ыстыбаев 2012, 2015 және 2016 жылы «Қазақстан барысы» турнирінде топ жарды. Сондай-ақ, ол 2011 жылы күміс белбеу иегері атанған.

Жарнама
Жарнама