Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Таеквондашы Сағынғали Жантөре жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

12.05.2025, 21:04

Бұған дейін отандық спортшылар бір алтын және екі қола медаль иеленген

қазақстан таеквондо федерациясы

Таеквондодан (WT) Фуджейрада өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші алтын жүлде түсті. 65 келіден жоғары салмақта бақ сынаған Сағынғали Жантөре чемпион атанды. Финалда ол украиналық спортшы Максим Шудженконы сан соқтырды.

Одан бөлек, қазақстандық тағы екі таеквондашы қола медальға ие болды. Жасөспірім қыздардан 47 келіде сынға түскен Алла Цой мен 51 келіде өнер көрсеткен Аида Гожалимова әлем біріншілігінің қола жүлдесіне қол жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін Ромашкин Хамзаальпер (61 келі) осы чемпионатта топ жарған болатын.

Әлем чемпионаты 14-мамырға дейін жалғасады.

Жарнама
Жарнама