Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Қазақстандық танымал балуан басшылық қызметке тағайындалды

Редактор
12.05.2025, 19:00

Руслан Әбдіразақов көпшілікке қазақ күресі арқылы кеңінен танымал

Әлеуметтік желі

Қазақ күресінен «Қазақстан барысы» турнирінің үш дүркін жүлдегері Руслан Әбдіразақов жаңа қызметке тағайындалды.

Белгілі балуан Алматы облысының Балқаш ауданындағы спорт мектебіне директоры қызметіне бекітілді. Бұл туралы спортшы 1bol.kz тілшісіне айтып берді.

«Бүгіннен бастап Балқаш ауданындағы спорт мектебінің директоры қызметін атқарудамын», - деді спортшы.

Руслан Әбдіразақов көпшілікке қазақ күресі арқылы кеңінен танымал. Ол «Қазақстан барысы» турнирінің тұңғыш чемпионы Ұлан Рысқұлдың туған інісі.

Ол дзюдо күресінен ел чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері. Сондай-ақ, 2014 жылы Ресейде өткен әлем чемпионатында белдесті. Бұдан бөлек, қазақ күресінен 2019 жылы 100 келі салмақта әлем чемпионы атанды.

Жарнама
Жарнама

Материалда: