Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Ақтаулық спортшыға Ұлыбритания саяси баспана берді

Редактор
Бүгін, 09:47

Ильдардың 2023 жылы жұмыс істеу үшін Ұлыбританияға аттанған

Getty Images

Гиннесстің рекордтар кітабына енген ақтаулық спортшы Ильдар Ягьяев Ұлыбританияда саяси баспана алып, енді бұл елде кемінде бес жыл тұру құқығына ие болды. Оның айтуынша, бұл мәртебеге қол жеткізу үшін біраз қиындық көрген.

«Жүздеген күн бойы – таңнан кешке дейін фермада 12 сағаттық жұмыс. Аптап ыстық пен суықта да тоқтаған жоқпын. Құжат жоқ, мүмкіндік жоқ деген себеппен сан мәрте бас тартуға ұшырадым. Жүздеген түнім болашаққа деген белгісіздік пен уайыммен өтті. Ал бүгін қолымдағы қағаз – жай ғана рұқсат қағазы емес, менің төзімім мен күресімнің дәлелі. Бұл – бес жылға берілген тұру құқығы, шетелге шығу үшін жеке паспорт және ең маңыздысы – таңдау еркіндігі. Енді балаларымды құшақтай аламын, көздеріне қарап, күлкісін ести аламын. Әкелерің бәрін сендер үшін істеді. Болашағың үшін. Маған сенген жандарға да, сенбегендерге де алғыс», – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Естеріңізде болса, Ильдардың 2023 жылы жұмыс істеу үшін Ұлыбританияға аттанғаны туралы жазғанбыз. Ол ауыл шаруашылығы саласында да, фастфуд желілерінде де жұмыс істеп көрген.

Сол жылдың жазында ол қазақстандық БАҚ-қа сұхбат беріп, спорт саласындағы жемқорлық, қаржыны әділетсіз бөлу және олимпиадалық емес спорт түрлеріне қысым жасау мәселелері жөнінде ашық мәлімдеме жасаған. Оның айтуынша, осыдан кейін белгісіз адамдар тарапынан қоқан-лоққы түсе бастаған. Қауіпсіздігіне алаңдаған Ильдар телефон нөмірін ауыстырып, кейінірек саяси баспана сұрауға мәжбүр болған.

Айта кетейік, Ильдар Ягьяев — стритлифтинг пен стритворкауттан жеті дүркін әлем чемпионы.

Жарнама
Жарнама

Материалда: