Спортшы 19 мамыр күні өтетін сотқа шақыртылған
Рио Олимпиадасының чемпионы, әлем чемпионы америкалық балуан Кайл Снайдер жезөкшелікке байланысты жүргізілген арнайы операция барысында ұсталды.
Огайо штатының Коламбус қаласының полициясының мәліметінше, 9-мамыр күні кешкі сағат 20:00 шамасында Кайл Снайдер интернетте жарияланған жалған хабарландыруға жауап берген. Аталған жарнаманы құқық қорғаушылар заңсыз жыныстық қызметке қызығушылық танытқан адамдарды әшкерелеу үшін әдейі орналастырған.
Снайдер қонақүйдегі бөлмеде "жыныстық қызмет көрсететін" агентпен кездесуге келген. Оған ақша берген.
Полицейлердің мәлімдеуінше, дәл сол сәтте нөмірге кіріп келген формалы қызметкерлер Снайдерді оқиға орнында тұтқындаған. Атақты спортшыға 19 мамыр күні сотқа келу туралы шақырту беріліп, кейін оқиға орнынан босатылған.
Снайдермен қатар 15 адамның ұсталған белгілі болды.