Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Жауапкершілікті қатты сезініп кетеміз»: Алмат Кебіспаев спортшылардың жарыстарда ұтылу себебін айтты

Редактор
13.05.2025, 17:00

Алмат Кебіспаев 2011-2021 жылдар аралығында әлем чемпионатынан 5 рет жүлде иеленді

tonyrotundo.smugmug.com

Грек-рим күресінен әлем чемпионатының бес дүркін жүлдегері Алмат Кебіспаев жарыстарда сынға түскен сәттегі спортшының көңіл күйі туралы ой білдірді. Бұл туралы ол shatyragangsta ютуб арнасына берген сұхбатында айтып берді.

15 жылға жуық 60, 63,5 және 67 келіде өнер көрсеткен спортшы төртжылдықтың басты ойындарында белгісіз спортшылардың қалай топ жарып кеткені туралы ой білдірді.

«Сахнада кейбір бала айтайын деп тақпағын ұмытып қалады. Үндемейтін бала сахнаға шыққанда ашылып кетеді. Олимпиада да сол секілді. Мұнда белгісіз спортшылар ашылып кетіп, чемпион болып жатады. Ешқандай құрлық және әлем біріншіліктерінде жеңімпаз болмай-ақ чемпион болған спортшылар бар. Сәйкесінше, әлем чемпионатында бірнеше мәрте жүлде алып, Олимпиададан жүлде бұйырмай кеткен спортшылар да жетерлік», - деді ол.

Белгілі балуанның сөзінше, жарыстарда, оның ішінде Олимпиадада сынға түсетін спортшы көп жағдайда жауапкершілікті шамадан тыс сезініп, өз әлеуетін толық пайдалана алмай қалады.

«Олимпиада барлық спорттардың жиынтық жарысы. Бұған қатысатын спортшыларды ел болып шығарып салады. Кіммен кездесіп қалсаңыз да Олимпиада туралы әңгіме айтады. «Олимпиаданы ұту керек! Дайындығың қалай? Қарсыластарыңды жеңе аласың ба?» деген секілді сұрақтарды қояды. Дайындыққа дейін күндіз-түні жауапкершілікті спортшыға осылай артып тастаса, ол оны көтере алмай қалуы мүмкін. Керісінше, емін-еркін дайындалған балуан Олимпиада тойға барғандай көңіл-күйде жүріп күреседі», - деді ол.

Сондай-ақ, спортшы белдесу барысында түрлі тәжірибе жасағанын айтты. Бүгінде бапкерлік қызметпен айналысатын ол ең бастысы спортшыда мотивация болуы керектігін ерекше атады.

«Күресіп жүріп, жарыстарда түрлі тәжірибе жасап көрдім. Әлі күнге сол бойынша жұмыс істеп келемін. Менде қатып қалған қағида жоқ. Мысалы, осы жолмен жүремін, сол бағыт мені жеңіске жетелейді деген секілді. Бұл жол қилы-қилы болып келеді. Бірде тізгінді тежеу керек болса, тағы бірде өзіңді қамшылау керек. Көбі мотивацияны сырттан іздейді. Біреуден жылы сөз күтеді. Кім мотивацияны өзі таба алады, сол дегеніне жетеді. Ерініп тұрғанда, ұйқыдан оянғанда, қиын кезеңде, жарақаттан кейін өзіңді жаттығу залына алып бару үшін іштей мотивацияға бой алдырған болуы керек», - деді Кебіспаев.

Алмат Кебіспаев 2011-2021 жылдар аралығында әлем чемпионатынан 5 рет жүлде иеленді. Ол бір рет күміс медаль еншілесе, 4 мәрте  қола жүлдеге қол жеткізген. Сондай-ақ, спортшы екі дүркін Азия чемпионы және Азия ойындарының күміс және қола жүлдегері.

Жарнама
Жарнама

Материалда: