Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Пара дзюдодан әлем чемпионаты: қазақстандық парадзюдошы әлем чемпионы атанды

Редактор
14.05.2025, 01:41

Паралимпиада чемпионы Ақмарал Науатбек жеңіліп қалды

Қазақстан пара дзюдо федерациясы

Астанада пара дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық пара дзюдошылар алғашқы жарыс күнінде бес жүлдеге қол жеткізді.

Татамиге шыққан отандық татами шеберлері 1 алтын, 1 күміс және 3 қола жүлде еншіледі. Олардың арасында J2 санаты бойынша 81 келіде Бексұлтан Құлмырза чемпион атанды.

Сондай-ақ, Ғалымжан Смағұлұлы күміс жүлде (81 келі, J2 санаты) иеленсе, Ерғали Шамей (81 келі, J1 санаты), Даяна Федосова (60 келі, J2 санаты), Айназ Құралова (46 келі, J1 санаты) қола жүлдені қанағат тұтты.

Айта кететін жайт, Парижде өткен паралимпиада чемпионы Ақмарал Науатбек жарыс жолынан шығып қалды. Ол J2 санатындағы 52 келі салмақта өнер көрсетіп, ширек финалда Қырғызстан өкілі Айбике Ұланбекқызымен кездескен еді. Алайда  күрес кезінде ереже бұзғаны үшін отандық спортшы жарыстан шеттетілді.

Жарнама
Жарнама