Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Спорттағы хиджабқа қатысты мәселеге Франция президенті Макрон араласты

Редактор
14.05.2025, 12:49

Оның айтуынша, жарыстарда теңдік принципі сақталуы керек

Reuters

Франция президенті Эммануэль Макрон спортшы әйелдердің жарыстар кезінде хиджаб киюін қолдамайтынын мәлімдеді.

TF1 телеарнасына берген сұхбатында ол Францияда қызу талқыланып жатқан спорттағы діни белгілерге тыйым салу мәселесіне қатысты өз көзқарасын білдірді.

«Мен Олимпиада хартиясын қолдаймын. Ол жарыстар кезінде кез келген діни рәміздерді тағуға тыйым салады. Мен жарыстарда осы хартияның талаптары орындалуы керек деп есептеймін. Ал жарыстан уақытта бұл мәселені спорт федерациялары өздері шешуі тиіс», – деді Макрон.

Оның айтуынша, спорттық жарыстарда теңдік пен бейтараптық принциптері сақталуы керек.

«Жарыстар кезінде діни рәміздерге орын жоқ – олар қандай болса да. Бұл – ерлер мен әйелдер арасындағы теңдік, жалпы адамзаттық теңдік мәселесі», – деп атап өтті ол.

Сонымен қатар Франция президенті жаттығу кезінде және күнделікті спортпен айналысқанда заңда киімге қатысты ешқандай тыйым жоқтығын алға тартты.

«Спорт нысандарында жаттығу жасағанда киімге прагматикалық тұрғыда қарау қажет, біздің заң бұл жағынан тыйым салмайды», – деп жауап берді Макрон 2024 жылғы ауыр атлетикадан Франция чемпионы Сильви Эберенаның сұрағына.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың ақпанында Франция Сенаты елдегі барлық кәсіби және әуесқой жарыстарда саяси немесе діни ұстанымды айқын көрсететін кез келген белгі мен киімді киюге тыйым салатын заңға дауыс берген болатын.

Жарнама
Жарнама