Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Елдос Сметов пен Абиба Әбужақынованың әлемдік рейтингтегі орны анықталды

14.05.2025, 21:56

Сметов Олимпиада ойындарынан кейін бірде-бір жарысқа қатыспаған

olympic.kz

Астанада Гранд Слэм бәсекесі аяқталған соң Халықаралық дзюдо федерациясы спортшылардың жаңа рейтингін жариялады. Нақтырақ айтсақ, әр салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионатына қатыса алатын алғашқы 100 спортшы белгілі болды.

Жыл басынан бері Халықаралық дзюдо федерациясы жоспарға сай «Grand Slam» турнирін алты рет өткізді. Осы «Grand Slam» турнирлеріне қатысқан спортшылар топтамадан жинаған ұпайлары бойынша рейтингке ие болып, әр салмақта үздік 100 дзюдошы анықталды. Рейтингте 100 балуанның қатарында тұрған балуандар әлем чемпионатына қатыса алады.

Әлем чемпионатына қатыса алатын, рейтингте 100 үздік дзюдошының қатарында тұрған Қазақстандық балуандар:

60 келі

  • Елдос Сметов — 8-орын (3695 ұпай)  
  • Мағжан Шамшадин — 23-орын (2120 ұпай) 
  • Нұрқанат Серікбаев — 32-орын (1480 ұпай) 
  • Шерзод Давлатов — 34-орын (1387 ұпай) 
  • Талғат Орынбасар — 36-орын (1337 ұпай) 
  • Дәурен Сюкенов — 63-орын (648 ұпай)

66келі

  • Ғұсман Қырғызбаев — 11-орын (2746 ұпай) 
  • Жанарыс Рақметқали — 38-орын (1289 ұпай) 
  • Ботабай Нұрмұхамед — 95-орын (446 ұпай)

73 келі

  • Данияр Шамшаев — 44-орын (1050 ұпай) 
  • Бақытжан Әбдірахманов — 46-орын (1015 ұпай) 
  • Есет Қуанов — 69-орын (718 ұпай)
  • Ислам Тоқтасын — 97-орын (477 ұпай)

81 келі 

  • Абылайхан Жұбаназар  — 16-орын (2249 ұпай) 
  • Қайролла Жалғас — 100-орын (430 ұпай)

90 келі

  • Максим Мейірлан — 54-орын (922 ұпай) 
  • Ермахан Әнуарбеков — 79-орын (553 ұпай)
  • Дидар Хамза — 83-орын (525 ұпай) 
  • Айдар Арапов — 90-орын (478 ұпай)

-100 келі

  • Нұрлыхан Шархан — 29-орын (1365 ұпай) 
  • Ислам Бозбаев — 38-орын (1046 ұпай) 
  • Марат Байкамуров — 76-орын (510 ұпай) 
  • Бақжан Байтас — 78-орын (502 ұпай)
  • Әділет Сапарғалиев — 79-орын (501 ұпай) 
  • Бейбіт Мадиев — 95-орын (360 ұпай)

+100 келі

  • Ерасыл Қажыбаев — 20-орын (2132 ұпай) 
  • Ғалымжан Қырықбай — 50-орын (716 ұпай) 
  • Мәди Еділбаев — 92-орын (329 ұпай)

48 келі

  • Әбиба Абужақынова — 4-орын (4888 ұпай) 
  • Ғалия Тынбаева — 16-орын (2569 ұпай)

52 келі (Бірде-бір балуан әлем чемпионатына қатыспайды)

  • Толғанай Әбеуова – 108-орын (272 ұпай) 
  • Құндыз Жылқыбай — 128-орын (170 ұпай)

57 келі

  • Бақыт Құссақбаева — 61-орын (753 ұпай)

63 келі 

  • Есмигүл Куюлова — 34-орын (1383 ұпай) 
  • Самалай Ерғалиева — 97-орын (313 ұпай)

70 келі

  • Екатерина Токарева — 54-орын (831 ұпай)

-78 келі

  • Аруна Жангельдина — 60-орын (572 ұпай) 
  • Маргарита Гриценко — 97-орын (211 ұпай)

+78 келі

  • Кәмила Берліқаш — 33-орын (1304 ұпай) 
  • Назгүл Маратова — 34-орын (1303 ұпай) 
  • Ақерке Рамазанова — 47-орын (929 ұпай) 
  • Карина Такиева — 72-орын (511 ұпай)

Айта кетейік, әлем чемпионаты Венгрия астанасы Будапешт қаласында 13-20 маусым аралығында өтеді. Қазақстан құрамасы аталған додаға кімдерді апаратынын әлі жарияламады.

Жарнама
Жарнама