Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Өзбекстандық Олимпиада чемпионы Азия біріншілігінде екінші рет топ жарды

Редактор
15.05.2025, 00:14

Ол – әлемдегі ең даңқты ауыратлеттердің бірі

olympic.uz

Ауыр атлетикадан Азия чемпионатында 109 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ерлер арасындағы бәсеке аяқталды. Қытайдың Жэньшэнь қаласында өткен жарыста басты фаворит саналған өзбекстандық Акбар Жураев жеңіске жетті. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 406 кг (жұлқа көтеру – 183 кг, серпе көтеру – 223 кг) салмақты бағындырып, алтын медаль жеңіп алды. 

Жураев жеңіс жолында отандасы Шарофиддин Амриддинов (181+214=395 кг) пен Оңтүстік Корея өкілі Жанг Ён Хакты (178+212=390 кг) артта қалдырды.

Айта кету керек, Ташкент тумасы үшін бұл 2025 жылғы алғашқы жарыс болды. Бұған дейін ол Париж Олимпиадасында 102 кг салмақта сынға түсіп, күміс жүлде иеленген еді.

Акбар Жураев Азия чемпионаты мен әлем чемпионатын жастар арасында да, ересектер арасында да бірнеше рет жеңіп алған. Сонымен қатар, 2020 жылғы Токио Олимпиадасының чемпионы, 2024 жылғы Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері.

Жарнама
Жарнама