Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Қазақстан каратэшілері Азия чемпионатына дайындалып жатыр. Кімнен үміт күтеміз?

Бүгін, 10:56

Ұлттық құраманың бас бапкері жауап берді

olympic.kz

23-25 мамыр аралығында каратэден Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында Азия чемпионаты өтеді. Құрлық біріншілігіне Қазақстан құрамасы толық құраммен қатысады. Атап өтер болсақ, ерлер – 6, әйелдер – 5 салмақта және командалық сайыста бағын сынайды. 

Ұлттық құрамаға жақында ғана бас бапкер болып тағайындалған Олимпиада және әлем чемпионатының жүлдегері Дархан Асаділов Азия чемпионатына ел құрамасын бастап барады. Жарыс алдында ол 1bol.kz тілшісіне сұхбат беріп, дайындық барысы және жоспары туралы айтып берді.

– Бас бапкер болғалы алғаш рет ірі жарысқа құраманы бастап бармақшысыз. Жалпы дайындық қалай?

– Бас бапкерлікке тағайындалғалы бірінші рет оқу-жаттығу жиынын да өткізіп жатырмын. Жалпы дайындық ойдағыдай жүріп жатыр. Алдағы Азия чемпионатына тәжірибелі спортшылармен қатар құрамаға жаңадан жастар іріктелді.

Қазір біз кешенді ғылыми топпен бірлесіп жұмыс істеудеміз. Массажист, психолог және қажетті өзге де мамандар көмектесіп жатыр. Бұл жұмыстар бұған дейін де жүргізілген. Бірақ, біз қазір өзіміздің жаңа жүйені енгізіп көріп жатырмыз.

– Азия чемпионатына жоспар мен мақсат қандай? 

– Соңғы рет өткен 2023 жылғы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы табысты өнер көрсетіп, командалық есепте 2-орын алған. Сол жетістікті қайталау, қайталап қана қоймай жоғары нәтиже көрсетуді мақсат етіп отырмыз.

– Кімдерден үміт күтесіз? Кімдер басты фаворит?

– Қазір жас каратэшілер қатарға қосылды. Одан бөлек, рейтингте жоғары тұрған, бұрын үлкен нәтиже көрсетіп жүрген титулды  спортшылар бар. Барлық спортшыларымызға сеніммен қарап отырмыз. Бөліп-жарып мынау мынандай нәтиже көрсету керек деп дөп басып айтқымыз келмейді. Барлығы бас жүлдеге лайықты. Жасы болсын, басқасы болсын – мүмкіндігі жоғары.

– Әңгімеңізге рахмет!

Жарнама
Жарнама