Дзюдошы шынтағына ота жасатқан
Дзюдодан үш дүркін Олимпиада чемпионы Тедди Ринер спорттық мансабын 2028 жылға дейін жалғастыратын болды. 36 жастағы француз спортшысы Лос-Анджелес Олимпиадасында күресуге ниетті.
Алайда биыл Венгрияда өтетін әлем чемпионатында шынтағына жасатқан отаға байланысты қатыса алмайтыны белгілі болып отыр.
Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жазба жариялап, Будапеште өтетін біріншілікті босатынын атады.
«Мен Венгрияда өтетін әлем чемпионатына қатыспаймын. Иә, шынтағыма ота жасалды, бәрі артта қалды. Бірақ әзірге өзімді керемет қалыпта сезіне алмаймын. Жоғары деңгейде күресіп, татамиге шығу үшін физикалық әрі психологиялық тұрғыдан толық дайын болу қажет. Бұл – оңай емес. Бірақ командамен бірге қабылданған салмақты шешіміміз болып отыр. Біз күн сайын мықты болу үшін еңбек етіп жатырмыз», – деп жазды Ринер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Тедди Ринер жекелей сын бойынша Олимпиада ойындарында 3 рет чемпион болды. Сондай-ақ, Бейжің және Токио Олимпиадасында қола жүлдеге ие болған. Бұдан бөлек, ол командалық сында екі Олимпиадада чемпион болды. Әлем біріншілігінде оннан астам чемпион атанған балуан үшін ендігі меже 2028 жылы АҚШ-та өтетін Олимпиадаға қатысу болып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, 13-20 маусым күндері Будапеште дзюдоданәлем чемпионаты өтеді. Бұл сынға Париж Олимпиадасының чемпионы, қазақстандық Елдос Сметов те қатыспайтыны белгілі болды.