Халықаралық федерация жариялаған тізім құрамы әлі де өзгеруі мүмкін
Маусым айында Венгрияда дзюдодан өтетін әлем чемпионатында күресетін отандық балуандардың есімі белгілі болды. Тізім Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) сайтында жарияланған.
Аталған құрамда Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев пен әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Абиба Әбужақынова бар.
Қазақстан ерлер құрамасы:
Әйелдер құрамасы:
Айта кету керек, бұл тізім әзірге нақты бекітілген тізім емес. Еліміздің дзюдо федерациясы әлем чемпионатына баратын ұлттық құрамаға тағы өзгерістер енгізуі мүмкін.
Еске салайық, дзюдодан Қазақстан құрамасы мамыр айының басында Астанада өткен Гранд Слэм турнирінде күресіп, 9 жүлде иеленген еді. Оның ішінде отандық татами шеберлері 3 күміс, 6 қола медаль иеленді. Айта кететін жайт, Будапеште 13-20 маусым күндері өтетін сынға Елдос Сметов қатыспайды.