Каратэден Азия чемпионатына баратын Қазақстан құрамасы анықталды

18.05.2025, 10:51

Жарысқа 29 елден 421 спортшы қатысады

Қазақстан каратэ федерациясы

Каратэден Ташкентте өтетін Азия чемпионатына баратын Қазақстан құрамасы белгілі болды. Спортшылар жекелей және командалық сайыста бақтарын сынайды.

Әйелдер (кумите)

  • Мөлдір Жаңбырбай (-50 кг) 
  • Айшабибі Шарахан (-55 кг), 
  • Әсел Қанай (-61 кг), 
  • Дайяна Даренская (-68 кг), 
  • Софья Берульцева (+68 кг)

Кумитеден командалық сынға қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасы: Софья Берульцева, Әсел Қанай, Нұрия Тізімбай, Дайяна Даренская, Николь Ценгель.

Ерлер (кумите)

  • Жоламан Биғабыл (-55 кг)
  • Нұрбек Кенжебай (-60 кг) 
  • Еркінбек Байтореев (-67 кг)
  • Нұрқанат Әжіқанов (-75 келі)
  • Данияр Юлдашев (-84 келі)
  • Диас Ұлбек (+84 келі)

Кумитеден командалық сайыста қатысатын Қазақстан ерлер құрамасы: Дидар Әмірәлі, Нұрқанат Әжіқанов, Әбілмансұр Батырғали, Шыңғыс Тайлиев, Никита Тарнакин, Данияр Юлдашев, Ғалым Асылхан, Диас Анарбеков.

Ката, жекелей сын: 

  • Мәди Катешов, Владлена Сигалова.

Катадан командалық сайысқа қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасы:

  • Сабрина Имамадиева, Дильорам Курбанова, Әсел Жандарбек, Баян Жарылқасын.

Құрлық біріншілігі 23-25 мамыр аралығында өтеді. Аталмыш бәсекеге 29 мемлекеттен 421 спортшы қатысып, жүлдеге таласады.