Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Бес дүркін Олимпиада чемпионы Михайн Лопес тәжіктердің шақыруымен Душанбеге барды

Редактор
18.05.2025, 21:55

Лопес пен Таймазов елдің Ховалинг ауданында өткен халықаралық күрес турниріне қатысқан

Әлеуметтік желі

Грек-рим күресінен Олимпиада ойындарының бес дүркін чемпионы, кубалық Михайн Лопес пен еркін күрестен Олимпиада чемпионы Артур ТаймазовТәжікстанға арнайы барды. Душанбеге барған әлемнің танымал балуандарын елдегі күрес жанкүйерлері қарсы алған.

Лопес пен Таймазов елдің Ховалинг ауданында өткен халықаралық күрес турниріне қатысқаны белгілі болды. Бұл турнирге Тәжікстан мен аймақтың түкпір-түкпірінен келген үздік балуандар күрескен еді.

«Михаин Лопес пен Артур Таймазов Тәжікстандағы күрес мектебінің әлеуетін жоғары бағалап, алдағы жылдары бұл елден жаңа чемпиондар шығатынына сенімді екендерін білдірді», - деді Тәжікстан күрес федерациясының басшылығы.

Михайн Лопес грек-рим күресінен 2008-2024 жылдары аралығында өткен бес дүркін Олимпиаданың чемпионы. Сондай-ақ, әлем чемпионаты және Панамерика ойындарының бес мәрте жеңімпазы.

Ал еркін күрестен танымал балуан Артур Таймазов Өзбекстан атынан 2000-2012 жылдар аралығында 4 Олимпиадада күресіп, 3 алтын, 1 күміс медаль иеленді. Осетин балуаны әлем чемпионатында 5 медаль иеленсе (2 алтын, 2 күміс, 1 қола), Азияның екі дүркін чемпионы атанды. Сонымен бірге, Азия ойындарында 3 рет топ жарған.

Алайда ол 2018 жылы допинг бойынша айыпталып, 2008 және 2012 жылы иеленген алтындарын кері қайтарып беруге мәжбүр болды.

Жарнама
Жарнама