Ута әлеуметтік желіде өзінің қасынан бір елі қалмайтын итін үнемі салады
Дзюдодан Токио Олимпиадасының чемпионы Ута Абэнің спорттан тыс хоббиі көпшілікті қызықтыратыны белгілі. Бұл ретте оның жеке көмекшісі Казуки Мори иттерді жақсы көретінін және жағажайда демалғанды ұнататынын айтып отыр.
Бұл Ута Абэнің де иттерге қызығушылығы екенін көрсетеді. Дзюдошы сұхбаттарында дзюдоға деген құштарлығы мен отбасы құндылықтарын жиі айтып жүр.
«Ол болашақта бақытты отбасы құруды армандайтынын айтады. Бұл оның жеке өмірінде қарапайымдылық пен отбасылық құндылықтарға мән беретінін көрсетеді», - деді спортшының көмекшісі.
Ута әлеуметтік желіде өзінің қасынан бір елі қалмайтын итін үнемі салады. Үй жануарына ол айрықша сүйіспеншілігін көрсетіп, оның өзіне ерекше жақын екенін байқатты.
Естеріңізде болса, былтыр жапон дзюдошысы Париж Олимпиадасының 1/16 финалында өзбекстандық Диёра Келдиёровадан жеңілген болатын. Жеңілісті көтере алмаған ол көз жасына ерік берген еді. Бұл сәт Олимпиаданың ең әсерлі оқиғалардың бірі ретінде есте қалды.