Қазақстанға тек африкалық қыздар алтын сыйлап жатыр

Редактор
31.05.2025, 15:03

Бұған дейін Қазақстаннан ешкім Азия чемпионатынан орын алып көрмеген

ҰОК

Жеңіл атлетикадан Гумиде (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан Азия чемпионатында ел қоржынына үшінші алтын түсті. Бұл жолы 5 000 метр қашықтыққа жүгіруде Қазақстанның тұңғыш әлем чемпионы Нора Джеруто қарсыластарынан қара үзіп, топ жарды.

5 000 метр қашықтықтықта бұған дейін Қазақстаннан ешкім Азия чемпионатынан орын алып көрмеген.

1). Нора Джеруто (Қазақстан) - 14:58.71

2). Парул Чаудхари (Үндістан) - 15:15.33

3). Юма Ямамото (Жапония) - 15:16.86.

Айта кетейік, Нора Джеруто кеше де 3 000 метрге жүгіруде чемпион атанған болатын. Тағы бір 10 000 метрге жүгіруден Дейзи Джепкемей еншілеген. Қазақстан құрамасына алтынды тек Кениядан келген атлеттер сыйлады. Азия чемпионаты бүгін аяқталады.