Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Рыпакова жеңіл атлетикадан Оңтүстік Кореядағы ірі турнирде екінші орын алды

Редактор
09.06.2025, 14:55

Спортшы ұзындыққа секіру сайысында екінші орынға ие болды

ҰОК

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Анастасия Рыпакова Оңтүстік Кореяның Йечхон қаласында өтіп жатқан ірі Korea Open Athletics Meeting турнирінде күміс медаль жеңіп алды.

Спортшы ұзындыққа секіру сайысында екінші орынға ие болды. Анастасия өзінің үздік нәтижесінде 5.92 метрге секірді.

Бірінші орынды оңтүстіккореялық Ю Чон Ми (6.04 м) иеленсе, қола жүлде Таиланд спортшысы Паринья Чуаймаруэнгке (5.54 м) бұйырды.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Материалда: