Бұл жарыста Ғұсман Қырғызбаев пен Абиба Әбужақынова да бақ сынайды
Будапештте (Венгрия) өтетін дзюдодан әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімі аяқталып, Қазақстан атынан сынға түсетін балуандардың қарсыластары анықталды.
Енді еліміздің үздік дзюдошылары мына спортшылармен күш сынасады:
Ерлер:
• 60 кг:
Шерзод Давлатов — Ли Харим (Оңтүстік Корея) / Даниэль Леутгеб (Австрия)
Мағжан Шамшадин — Давид Терао (АҚШ)
• 66 кг:
Ғұсман Қырғызбаев — Мартин Сетца (Германия) / Жян Хуе (Қытай)
• 73 кг:
Есет Қуанов — Бенжамин Габа (Франция) / Даниэль Сцегеди (Венгрия)
• 81 кг:
Абылайхан Жұбаназар — Петро Пеливан (Молдова)
• 90 кг:
Мейірлан Максим — Алексис Матео (Франция)
• 100 кг:
Нұрлыхан Шархан — Баймұрат Маджанов (Түрікменстан)
Марат Байқамұров — Заиль Рамирес (Куба) / Абдулае Миллимоно (Гвинея)
• 100 кг+:
Ерасыл Қажыбаев — Минжон Ким (Солтүстік Корея)
Әйелдер:
• 48 кг:
Абиба Әбужақынова — Андреа Стожанидов (Сербия) / Марина Воробьева (Ресей)
Ғалия Тынбаева — Амбер Гервджес (Нидерланды)
• 63 кг:
Эсмигүл Құюлова — Кажи Казлер (Словения)
Аралас командалық жарыс: Қазақстан — Бразилия
Әлемдік аламан 13-19 маусым аралығында өтеді.