Өзбек дзюдошысы екі дүркін Олимпиада чемпионын медальсіз қалдырды

Редактор
16.06.2025, 17:21

Әлем чемпионатында Жапонияның атақты дзюдошысы Таканори Нагасе жеңіліс тапты

Getty sport

Будапештте өтіп жатқан әлем чемпионатында тағы бір сенсациялық жағдай тіркелді.

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Өзбекстан атынан сынға түскен Арслонбек Тоджиев Жапонияның атақты дзюдошысы Таканори Нагасені жүлдесіз қалдырды.

Жапон балуанына төреші «хан-соку» (дисквалификация) беруге мәжбүр болды.

Айта кетейік, Нагасе – Олимпиаданың екі дүркін чемпионы (2011, 2024 жылдары).

Бұған дейін өзбек балуаны италиялық тәжірибелі спортшы Антонио Эспозитоны жарыстан шығарған. Ал енді турнирдегі ең үлкен сенсация авторы атанды.

Материалда: