Қазақстандық балуандардың барлығы Азия чемпионатының финалына шықты

Редактор
23.06.2025, 15:04

Белдесулер Астана уақытымен 16:00-де басталады

Спортты дамыту дирекциясы

Вьетнамда күрес түрлерінен U17 Азия чемпионаты өтіп жатыр. Ерекше айтып өтетін жайт, «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының спортшылары түгелдей біріншілік финалына шыққан.

Финалдық белдесулер:

45 кг: Қуанышбек Жаңажол (Қазақстан) —Фарид Каромов (Өзбекстан)

48 кг: Нұрдәулет Құмарұлы (Қазақстан) — Адитья Дилип Джадхав (Үндістан)

51 кг: Сұңқар Зарап (Қазақстан)— Ислам Курбанов (Қырғызстан)

92 кг: Әділет Тойшы (Қазақстан)— Фахрикамол Комилжонов (Өзбекстан)

Қола жүлде үшін белдесу:

55 кг: Нұралы Асқар (Қазақстан) —Жиялаэрга Жиялаэрга (Қытай)

Белдесулер Астана уақытымен 16:00-де басталады.

Материалда: