Иығына операция жасатқан Елдос Сметов жарыстарға қашан қатысатынын айтты

Редактор
23.06.2025, 22:40

Дзюдошы отаны Италияда жасатқан

instagram.com/yeldos60kg

Иығына операция жасатқан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов өзін уайымдап, қолдау бідіргендерге алғысын жеткізді.

Дзюдошы отаны Италияда жасатқан, тағы екі-үш айдан соң жаттығуға кірісетінін алға тартты.

«Мені уайымдап, алаңдаушылық білдіріп жатқандарыңызға рахмет! Италияның Рим қаласында иығыма ота жасатқаным рас. Аллаға шүкір, бәрі жақсы өтті. Өздеріңіз бұрыннан білесіздер Олимпиадаға дейін де иығымның жарақаты, ұсақ жарақаттарым жиі мазалайтын. Қазір денсаулығыма толық көңіл бөлгенді және толық ем қабылдағанды жөн көрдім.

Алла жазса, 2-3 айдан кейін жаттығу, ал жарыстарға – келесі жылдың басында қосылуға ниеттімін», - деді Сметов.

Елдос өзін карьерасын аяқтады деп жазғандарға да жауап беріп, татамиге оралатын күн алыс еместігін аңғартты.

«Карьерасын аяқтады» деп сүйіншілегендерге де сәлем жолдаймын. Мен әлі сары нашивкамен татамиге шығып күресетін боламын», - деп қорытындылады ол.

Материалда: