Депутат «Тұлпар күнін» тойлауды ұсынды
Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтаев Үкімет басшысы Олжас Бектеновке «Тұлпар күні» деген мереке керек деген болатын. Осыған байланысты премьер-министр жауап берді.
Премьер-министр бұл ретте Қазақстанда маусым айының екінші жексенбісі Малшылар күні ретінде кәсіби мереке болып белгіленгенін еске салып, оның мал шаруашылығы саласының барлық қызметкерлерін, оның ішінде жылқышыларды да қамтитынын алға тартты.
«Биыл осы мереке аясында саланың шамамен 200 қызметкері, оның ішінде жылқы шаруашылығының 30 маманы марапатталды. Сонымен қатар, Біріккен Ұлттар Ұйымы бас ассамблеясының шешіміне сәйкес 11 шілде күні ұйымға мүше мемлекеттерде Дүниежүзілік жылқы күні атап өтіледі. Осыған байланысты «Тұлпар күні» арнайы ұлттық мерекесін белгілеу мәселесі қосымша пысықталады», – деді Олжас Бектенов.