Рейтингте көш бастап тұрған — 5962 ұпаймен италиялық Ассунта Скутта
Будапештте өткен дзюдодан әлем чемпионатынан кейін Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) жаңартылған рейтингті жариялады.
Жаңартылған тізімге сәйкес, Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Абиба Әбужақынова әлемдік рейтингте 2-орынға көтерілді. Оның еншісінде — 5662 ұпай.
Рейтингте көш бастап тұрған — 5962 ұпаймен италиялық Ассунта Скутта. Ал үздік үштікті франциялық Букли Ширин түйіндеп тұр.
Сондай-ақ, 48 келі салмақ дәрежесінде белдесетін тағы бір қазақстандық дзюдошы Ғалия Тынбаева екі сатыға төмендеп, 19-орынға жайғасты.
Айта кетейік, әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалғыз жүлдемен шектелді. Ел қоржынына жалғыз медальді жарыстың алғашқы күнінде Абиба Әбужақынова салды. Ол күміс жүлдені жеңіп алып, тарихқа енді. Осы жетістігі арқылы Абиба дзюдо тарихында қазақ қыздары арасынан тұңғыш рет әлем чемпионатының финалына шыққан спортшы атанды.