Неслихан Өзтүрік қазақ тілін үйреніп жүргенін айтты
Даңқты спортшы, таеквондодан 6 дүркін әлем чемпионы Мұстафа Өзтүріктің қызы Неслихан Өзтүрік қазақ тілін үйреніп жүргенін айтты.
Неслихан өзіне қолдау білдіріп жатқан қандастарына алғысын жеткізді.
«Қазір қазақша үйреніп жатырмын. Қолдауларыңызға көп рахмет келеді. Бұл мен үшін өте маңызды. Көп нәрсе айтқым келеді. Бірақ тілім келмейді. Сіздермен байланысты болғаныма қуаныштымын. Қазақша үйренгім келеді. Оқуды, жазуды да үйренемін. Қазақстанға қояр сұрағым көп. Бірақ тілім келмей жатыр. Жүрегімді тыңдап, өз тілімде сөйлесем деймін. Үйренемін, содан кейін сұрақтарымды қоямын. Егер сіздерді қызықтырған сұрақтар болса, онда жазыңыздар, тілім жеткенше жауап беремін. Мен сіздерді жақсы көремін, аман болыңыздар», - деді Неслихан Өзтүрік.
Айта кетейік, былтыр Мұстафа Өзтүріктің туғанына 70 жыл толды. 40 жасында өмірден мезгілсіз өткен спортшының артында үш баласы қалған. Қазіргі таңда олар Германияның Мюнхен қаласында тұрады.