Ризабек Айтмұхан мен Ахмед Тажудинов тағы күресе ме?

Редактор
27.06.2025, 11:19

Азия чемпионатының финалында Айтмұхан бахрейндік қарсыласынан ойсырай жеңілген.

коллаж

Будапештте өтетін «Поляк Имре мен Варга Яношты еске алу» турнирінде жанкүйерлер қазақстандық Ризабек Айтмұхан мен бахрейндік Ахмед Тажудиновтың жекпе-жегін көре алмайды.

Экс-ресейлік балуан аламанға қатысады, алайда 97 келі салмақ дәрежесіндегі қатысушылар тізімінде отандасымыз жоқ.
Бұл сын 17-20 шілде аралығында Венгрияда өтеді. 

Айта кетейік, 29 наурызда өткен Азия чемпионатының финалында Айтмұхан бахрейндік қарсыласынан ойсырай жеңілген.

Туған күні: 2004 жылдың 29 сәуірі

Туған жері: Кішкенекөл ауылы, Солтүстік Қазақстан облысы
Жеке бапкері: Қанат Жолдасбай – өз әкесі

Ризабек Айтмұханның жетістіктері:

15 жасқа дейінгі Азия чемпионатының қола жүлдегері (2019 – 75 кг)
23 жасқа дейінгі Азия чемпионатының екі дүркін чемпионы (2022, 2023 – 92 кг)
Дінмұхамед Қонаевты еске алуға арналған халықаралық турнирдің күміс жүлдегері (2022 – 92 кг)
Азия чемпионаттарының үш мәрте күміс жүлдегері (2023 – 92 кг, 2024 және 2025 – 97 кг)
20 жасқа дейінгі әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2023 – 92 кг)
Қазақстан тарихында еркін күрестен алғашқы әлем чемпионы (2023 – 92 кг)
20 жасқа дейінгі әлем чемпионы (2024 – 97 кг)
23 жасқа дейінгі әлем чемпионы (2024 – 97 кг)
Қонаевты еске алуға арналған турнирдің қола жүлдегері (2024 – 97 кг)
Қазақстан Республикасының спорт шебері:
Халықаралық дәрежедегі спорт шебері
Дүниежүзілік рейтингтегі орны: 21-орын (11 000 ұпай)