Оның пікірінше, еліміздің спорт саласы жемқорлық пен сыбайластыққа батқан, ал ҰОК-та шал-шауқандар отыр
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ермұрат Бәпи Тимур Құлыбаев басқаратын Ұлттық Олимпиада комитетінің жұмысын сынады.
«Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті қызметіне Тимур Құлыбаев келгеннен бері елдің спорттық жетістіктері құлдырай бастады. Мысалы, Токиодағы соңғы жазғы Олимпиада ойындарында біздің спортшылар бірде-бір «алтын» немесе «күміс» медаль алған жоқ, тек 8 қола медальмен қайтты. Ал медальдық есепте біздің еліміз 83 орынға бір-ақ түсті! 1994 жылдан 2014 жылға дейінгі Жазғы Азия ойындарында қазақстандық спортшылар тұрақты түрде 4-5 орын алып келген еді. 2018 жылы біз 9-шы орынға, ал 2023 жылы 11-ші орынға түстік. Шамамен, Парижде де осының кебін киюіміз әбден мүмкін. Бұл біздің құрамамыз дербес ел ретінде Қазақстан атынан қатысатын сегізінші Олимпиада ойындары болмақ», - деді ол.
Айта кету керек, тәуелсіздік жылдарында біздің спортшылар Олимпиада ойындарында 11 спорт түрінен 14 алтын, 22 күміс және 35 қола медаль жеңіп алған.
«Тағы бір атап өтерлік жәйт, Тимур Құлыбаев келгелі Ұлттық Олимпиада комитетінің басшылығына кілең «Ескі Қазақстанның» өкілдері іріктеліп алынды. Оның ішінде, бір-біріне айнымас құда-жекжаттар мен миллиардер күйеудің олигарх достары өріп жүр.
Сонымен қатар, Комитетке мүше болып сайлануға 70 жастық шектеу белгіленген. Қазіргі мүшелердің ішінен бұл цензден асып кеткендер де, күні ертең толайын деп отырғандар да бар», - деді ол.
Депутат ҰОК-та шал-шауқандар отырғанда спортта ешқандай нәтиже көрсете алмайтынымыз заңдылық дейді.
Ол Ұлттық Олимпиада Комитетіне түбегейлі өзгерістер керек айтып, бірқатар ұсыныс жасады: