Илья Ильин әйелімен бірге қазақша үйреніп жүр (ВИДЕО)

Редактор
18.01.2024, 08:31

Даңқты спортшы Қызылорда облысының тумасы

Instagram/ilyina_tatyana_

Қазақстандық ауыратлет, әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин әйелі Татьянамен бірге қазақ тілін үйреніп жүр. Бұл туралы ол өзінің Instagram-парақшасында мәлімдеді.

Экс-спортшы қазақша сөйлеу өзіне де, әйеліне де ұнайтынын айтады.

«Бүгін әйелім екеумізге қазақ тілі сабағы болды. Қарлығаш Жүнісқызы біздің отбасымызды оқытып жүр. Бүгін сән индустриясы жайлы өте қызықты тақырыпты талқыладық. Маған ұнап жатыр», - деді Ильин өзінің видеоүнлеуінде.

Еске салайық, даңқты спортшы допинг дауынан кейін Лондон және Бейжің олимпиадаларында жеңіп алған алтын медалін кері қайтарған болатын. Десе де, оның әлем чемпионы атақтары сақталды.