Қытайдағы қазақ конькишісі Ақнәр Ардақ қытай жігітіне тұрмысқа шықпақ

Редактор
18.01.2024, 12:31

Жігіт – Олимпиада ойындарының чемпионы

Фото ашық дереккөзден

Қытайда тұратын этникалық қазақ спортшысы Ақнәр Ардақтың тұрмысқа шығатыны туралы ақпарат тарады. Өткен жылы Бейжіңдегі XXIV қысқы Олимпиада ойындарында Қытай атынан сынға түскен қандасымыздың Қазақстанға бірден танмал болған еді.

Ақнәрдің таңдауы қытай азаматына түскен сыңайлы. Жігіт те спортшы, конькиден ұлттық құраманың мүшесі, Бейжің олимпиадасының чепионы – Гао Тингю.

Конькиші жігіт әлеуметтік желідегі өз парақшасына Ақнәрмен құшақтаса түскен фотосуреттерді көптеп салып жүр. Екеуі де ауқымда жарыстарға қатар қатысып, бірге жүлдегер атанған.

Гао Тингю Бейжің олимпиадасында 500 метрге жүгіруден чемпион атанған. 

Ақнәр биыл 1 маусымда 25 жасқа аяқ басады. Ол 1999 жылы Шыңжаңда дүниеге келген. Бастапқыда шорт-трек бойынша жарыстарға қатыса бастаған қандасымыз 2018 жылдан бері конькимен жүгіру бағытына ауысып, тұрақты шұғылдана бастады. 

Қазақ қызы мұз үстінде сырғанауға жастайынан ден қойған. Қытай мектебінде сабақ беретін анасы оны 5 жасында конькиге жетектеп апарғанын айтады. Ал кәмелет жасына толар шағында Қытайдың Шыңжаң құрамасының қатарына еніп, ауқымды жарыстарға бақ сынай бастаған.

Материалда: