Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Дәулет Тұрлыханов Ұлттық құрылтай құрамынан шығарылды

Редактор
19.01.2024, 11:07

Құрылтайдың құрамы жаңартылды

olympic.kz

Даңқты балуан, грек-рим күресінен Олимпиада ойындарының күміс және қола жүлдегері, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Дәулет Тұрлыханов Ұлттық құрылтайға енді мүше емес. 

Ақорданың баспасөз қызметі Құрылтайдың құрамына ротация жүргізілетіні туралы хабарлаған болатын. Жаңа тізімде Тұрлыхановтан басқа Жигули Дайрабаев, Бауыржан Әлтеев, Амангелді Толамысов, Гүлмира Қанай, Сергей Огай, Қазбек Майгелдинов, Берік Уәли, Анастасия Тимощенко-Боровикова, Серік Сарыбай, Алексей Лодочников, Сәрсен Құранбек және Эдик Суларов жоқ.

Кеткен мүшелердің орнын жаңалары басқан.

Еске салайық, бұған дейін Дәулет Тұрлыхановтың екі бірдей баласының басы дауда қалған болатын. Алдымен кіші ұлы әскери борышын өтеп жүргеніне қарамастан қалаға шығып кетіп, ерлі-зайыптыларды соққыға жықса, одан үлкен ұлы көшеде таныс қызын ұрған. Ал, жуырда ғана осы әулеттің өкілі Рахат Тұрлыханов әйелін сабағаны үшін он тәулікке қамалды.

Жарнама
Жарнама

Материалда: