Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Бибісара Асаубаева Лас-Вегастағы турнирде Магнус Карлсенмен ойнады

Редактор
17.07.2025, 10:35

Бибісара 7 кездесу өткізіп, 6 рет жеңілді

instagram.com/freestyle_chess

Бұл күндері Лас-Вегаста шахмат әлеміндегі ең беделді турнирлердің бірі Freestyle Chess Grand Slam Tour өтіп жатыр.

Қатысушылардың қатарында блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева да бар.

Ұйымдастырушылардың Instagram желісінде Бибісара Асаубаева атақты Магнус Карлсенмен шахмат ойнап отырған видеосы пайда болды. Дегенмен шахматшы қыз норвегиялық қарсыласына есе жіберген.

Айта кетейік, әзірге Бибісара жеті кездесу өткізіп, соның біреуін тең аяқтаса, алтауында жеңіліс тапты, тиісінше еншісінде 0,5 ұпай бар.

Естеріңізде болса, қазақстандық шахматшы қыз Магнус Карлсен, Фабиано Каруана, Хикару Накамура және әлемдік элитаның басқа да жұлдыздары қатысатын жабық турнирге шақырту алғанын сүйіншілей хабарлаған еді.

«21 жастағы қыздың Карлсен, Каруана, Накамура және әлемнің басқа да ең мықты шахматшылары қатысатын ерлердің жабық супертурниріне шақырту алуы шындыққа жанаспайтын арман сияқты көрінеді... Бірақ менің жағдайымда бұл шындыққа айналды. Әйелдерден ерлер супертурнирінде кімдер ойнаған? Юдит Полгар, Хоу Ифань, енді, міне, мен! Өте қызықты болатыны сөзсіз», - деп жазған Асаубаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама