Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Алмас Өтешов аңыз бапкермен кездесті

Редактор
18.07.2025, 23:05

Алмас Өтешов ішкілікті қойған соң өмірі қаншалықты өзгеріп жатқанын көрсетті

Видеодан кадр

Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алмас Өтешов ішкілікті қойған соң өмірі қаншалықты өзгеріп жатқанын көрсетті. Қызылордалық спортшы салауатты өмір салтына бет бұрған.

Өтешов ардагер бапкер Вилорий Пакпен кездесіп, бірге бассейнге барып жүргенін айтты.

«Қызылорда ауыр атлетикасының атасы Вилорий Пакпен бассейнге келіп жүрміз. Ағайым 80 жаста болса да, әлі күнге дейін спортпен айналысып келеді. Сіздер де қосылыңыздар», – деді зілтемірші.

Айта кетейік, Вилорий Пак - қазақ ауыр атлетикасының тірі аңызы. Ол Илья Ильиннің алғашқы бапкерлерінің бірі болып, 12 жыл бойы онымен бірге жұмыс істеген. Екі олимпиадалық циклге спортшы дайындаған тәлімгердің еңбегі тұтас бір дәуірдің айнасы саналады.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама