Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Жәмилә Бақбергенова Будапешттегі халықаралық турнирде күміс медаль иеленді

Редактор
19.07.2025, 12:00

Ал 57 келіде сынға түскен Нилуфар Райымова қола жүлде еншіледі

UWW

Мажарстанның астанасы Будапештте өтіп жатқан Polyák Imre & Varga János Memorial халықаралық турнирінде қазақстандық балуандар табысты өнер көрсетіп жатыр.

Әйелдер күресінен әлем чемпионатының төрт дүркін жүлдегері Жәмилә Бақбергенова (72 келі) финалда үндістандық Харшита Харшитаға жол беріп, күміс медаль жеңіп алды. Сондай-ақ, 57 келіде сынға түскен Нилуфар Райымова қола жүлде еншілеп, ел қоржынына тағы бір медаль салды.

Енді бозкілемге Тыныс Дүбек (62 келі), Ирина Казюлина (68 келі) және Эльмира Сыздықова (76 келі) шығады. Ал турнирдің келесі кезеңінде грек-рим күресі шеберлері белдесетін болады.

Айта кетейік, халықаралық додаға 14 елден 99 спортшы қатысып жатыр. Жарыс 20 шілдеде мәресіне жетеді.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама