Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Алмас Өтешов су жаңа көлік алды (ВИДЕО)

Редактор
Бүгін, 10:45

Жуырда ол актер ретінде өзін сынап көргенін де айтқан болатын

скрин YouTube

Қазақстандық танымал зілтемірші, ауыр атлетикадан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алмас Өтешов су жаңа көлік иесі атанды. Бұл туралы спортшының өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

«Toyota-ның Camry 80 моделі. Баршаңызға осындай көлік жұғысты болсын!» - деді Өтешов видеода. Айта кетейік, бұл көліктің нарықтағы бағасы 19 миллион теңгеден басталады.

Өтешов үлкен спорттан қол үзгеннен кейін медиа алаңынан жоғалып кеткен болатын. Ал, былтыр журналист Нұрсейіт Жылқышыбай оның ауыр халде жүргенін көрсетіп, ашық сұхбатын жариялады. Ішкілікке салынған экс-спортшы семьясынан ажырап, жұмыссыз қалғанын айтқан еді. 

Осы жайттан кейін Қызылорда облыстық спорт басқармасының басшысы Бақтияр Артаев оны қызметке орналастырды. Өтешовтің өзі де жаман әдеттің бәрінен бас тартып, сауалатты өмір салтына бет бұрғанын айтты. Тіпті, өмірінде алғаш рет өзін актер ретінде сынап көргенін де қуанышпен жазды.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама