Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Елдос Сметов Лос-Анджелестегі олимпиадаға қатысты пікір білдірді

Редактор
27.07.2025, 19:56

Дзюдошы тура бір жыл бұрын Олимпиада чемпионы атанған еді

ҰОК

Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Париждегі тарихи жеңісіне тура бір жыл толған күні Instagram парақшасында жанкүйерлеріне арнап жазба жариялады. Спортшы Олимпиада алтынына апарар жолдың оңай болмағанын, сол сәттің өміріндегі ең биік жетістік екенін айтып, өткен күндерге шегініс жасады.

«Бүгін мен үшін тарихи күн де келіп жетті. Осыдан тура бір жыл бұрын арманыма қол жеткізіп, Олимпиада чемпионы атандым. Үш Олимпиаданың әрқайсысы жүрегімде ерекше орын алады. Бірақ Париж Олимпиадасының алтыны мен үшін әрқашан ең биігі болып қала береді. Бұл – маңдай тер мен еңбектің ақталған күні, барлық марапатымның шыңы. Сәтсіздіктер мен қиындықтар қатар жүрген жолды еңсерген күн. Арман жолында көп нәрседен бас тартуға, көп тәуекелге баруға тура келді. Барлық спортшы дәл осындай бақытты сәтті бастан кешірсе екен деп тілеймін», – деп жазды Сметов.

Айта кетейік, Елдос Сметов 2024 жылы Париж Олимпиадасының финалында жарыс қожайыны Лука Мхеидзені жеңіп, ел қоржынына тарихи алтын салған болатын. Бұл - оның Олимпиададағы толық жүлде жиынтығын жинаған санаулы спортшылар қатарына қосылған сәті.

Жеңіске жеткен соң өмірлік бағытын қайта қараған спортшы енді отбасы мен жақындарына көбірек көңіл бөлуге тырысып жүргенін де атап өтті. Бірақ ол мансабын аяқтау деген сөз емес. Керісінше, Сметовтің көкейінде жаңа мақсат бар: ол Лос-Анджелестегі Олимпиадада екінші мәрте чемпион атану.

«Олимпиада алтынынан кейін ғана мен өмірімді өзіме, отбасыма, жақындарыма арнай бастадым. Париж алтыны біз алмайтын қамал жоқ екенін көрсетті. Енді сол жеңісті 2028 жылы Лос-Анджелесте қайталағым келеді», – деді ол.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама