Финалдық белдесуде Қуанышбек қырғызстандық Нуркерим Кумарбековті жеңді
Грек-рим күресінен Қазақстан жасөспірімдер құрамасының өкілі Жаңажол Қуанышбек Афинада (Грекия) өтіп жатқан U17 әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.
Қазақстандық балуан 45 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарды.
Финалдық белдесуде Қуанышбек Қырғызстаннан барған Нуркерим Кумарбековті жеңді.
Бұған дейін Нұрдәулет Құмарұлы (48 келіге дейін) мен Нұралы Асқар (55 келіге дейін) күміс медаль иеленсе, Шамиль Досбол (65 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.