Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Кроуфорд Канелодан мықты боксшыларды атады

Редактор
31.07.2025, 10:39

Мықтылар қатарында Дмитрий Бивол бар

instagram.com/tbudcrawford

Екі салмақ дәрежесінде абсолютті әлем чемпионы атанған Теренс Кроуфорд The Ring журналы ұйымдастырған шағын сауалнамаға қатысты. Оған қазіргі және өткен дәуірдің аты аңызға айналған тоғыз боксшысы ұсынылып, солардың арасынан алдағы қарсыласы Сауль «Канело» Альварестен қайсысын мықты деп санайтынын сұраған.

Кроуфорд үш боксшыны атады:

– алты салмақта әлем чемпионы болған Оскар Де Ла Хойя,
– жартылай ауыр салмақта абсолютті чемпион Дмитрий Бивол,
– аңызға айналған боксшы кіші Флойд Мейвезер.

Айта кетейік, Мейвезер мен Бивол рингте Альваресті жеңген, ал Де Ла Хойя бір кездері «Канелоның» промоутері болып, екеуі келіспей қалған еді. Кроуфордқа ұсынылған сауалнамадағы өзге боксшылар қатарында Карл Фроч, кіші Крис Юбанк, Феликс Тринидад, Мэнни Пакьяо, Артур Бетербиев және Бернард Хопкинс бар.

Еске сала кетейік, Теренс Кроуфорд пен екінші орта салмақта абсолютті әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес арасындағы жекпе-жек 13 қыркүйекте Лас-Вегаста өтетін бокс кешінің басты оқиғасы болмақ. Бұл кездесуде Кроуфорд үшінші салмақ дәрежесінде де абсолютті чемпион атануды көздеп отыр. Оған дейін америкалық боксшы бірінші орта салмақтан жоғары дивизионда өнер көрсеткен емес. Оның өзінде де тек бір жекпе-жек өткізген. Ал кәсіпқой бокстағы мансабын жеңіл салмақтан бастаған еді.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама