Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Тарихи жүлде: Әйелдер күресінен 12 жылдан кейін ел қоржынына алтын жүлде түсті

Редактор
31.07.2025, 22:04

Отандасымыз үндістандық Мони Мониден айласын асырып, алтыннан алқа тақты

ҰОК

Афинада (Грекия) қаласында күрес түрлерінен 17 жасқа дейін жастар арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Айтулы додада әйелдер күресінен қазақстандық Мадхия Усманова 57 келі топ жарды.

Финалдық белдесуде отандасымыз үндістандық Мони Мониден айласын асырып, алтыннан алқа тақты.

Қос балуан бұған дейін Азия чемпионатында белдескен еді. Ол кезде үндістандық балуан қыз басым түссе, бұл жолы Усманова қарымта қайтарды.

Бұдан өзге 43 келіде тағы бір жерлесіміз  Інжу Баққожа қола жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, бұл ел қоржынына әйелдер күресі бойынша 17 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатынан 12 жылдан кейін қол жеткізіп отырған, тарихи алтын жүлде. Соңғы рет 2013 жылы Эльмира Әбілқайырова жеңімпаз болған.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Материалда: