Жасөспірімдер олимпиадасында Қазақстан хоккейшілері қатарынан үшінші рет жеңілді

Редактор
22.01.2024, 09:18

Ең бірінші ойында жерлестеріміз 18:8 есебімен Польшаны жеңген болатын

olympic.kz

Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдердің Олимпиада ойындарында Қазақстан хоккейшілері (3х3 форматында) қатарынан үшінші мәрте жеңілді.

Бұл жолы біздің ұлттық құрама Данияның жас хоккейшілерімен кездесіп, 6:8 есебімен есе жіберді. Бұған дейін олар Австрия (8:9) мен Латвиядан (11:15) жеңілген болатын.

Бүгін жерлестеріміз Қытайлық Тайбэй құрамасымен айдынға шығады.