Қазақстан балуандары Анри Деглан Гран-приінде үш жүлдеге ие болды

Редактор
22.01.2024, 11:37

Алтын медаль жоқ

SMI24.kz

Күрес түрлерінен 19-21 қаңтар күндері аралығында Францияның Ницца қаласында өткен дәстүрлі гран-при бәсекесін еліміздің еркін күрес балуандары олжалы аяқтады. 

Аталған сында отандық балуандар 1 күміс, 2 қола жүлдеге ие болды. Атап айтқанда, 92 келіде белдескен Әбдіманап Байгенжеев финалға дейін жетіп сүрінсе, 70 келіде Рифат Сайботалов пен 79 келіде Ерхан Бексұлтанов қола медальға қол жеткізді.

Аталған сынға дүниежүзі бойынша 300-ден аса балуан қатытсы. Айтулы турнирде Қазақстан құрамасы жалпы есепте жүлде саны бойынша 14-орынға тұрақтады.

Материалда: