Жеңімпаздар бүгін анықталады
Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандық шорт-трекшілер жарыс жолына шықты деп хабарлады olympic.kz.
500 метрден қыздар арасындағы сайыста Полина Омельчук пен Анастасия Астраханцева ширек финалға өтті.
Ұлдар арасында Мейіржан Төлеген ширек финалға жолдама алды. Ерасыл Шыңғысхан жарысты аяқтады.
Жеңімпаздар бүгін анықталады.
Айта кетейік, бұған дейін Полина Омельчук 1000 метрге конькимен жүгіруден жарыстың қола медалін жеңіп алған болатын.