Қазақстан құрамасы жалпы 38 медаль жеңіп алды
Астанада таеквондодан ірі халықаралық турнир Kazakhstan Open-1025 G1 сайысының бірінші күні өтті. Рейтингтік жарыстың алғашқы күнінде ересектер арасында жүлделер сарапқа салынды.
Қазақстан құрамасы жалпы 38 медаль жеңіп алды, оның ішінде 10 алтын медаль бар.
Алтын медаль иегерлері: Еркебұлан Енсегенов (54 келі), Жавохирхан Исламов (58 келі), Нұрбек Ғазез (68 келі), Бекасыл Ергеш (74 келі), Батырхан Төлеуғали (80 келі), Бейбарыс Қаблан (87 келіден жоғары), Айдана Құмартаева (46 келі), Нодира Ахмедова (53 келі), Нұрай Кұсайынова (67 келі), Назым Махмудова (73 келі).
Күміс медаль жеңімпаздары: Бекзод Қадыркулов (54 келі), Елдос Ысқақ (58 келі), Самирхон Абабакиров (63 келі), Ерасыл Орынбасар (74 келі), Абдурахман Марипов (80 келі), Тоғжан Өмірзақ (46 келі), Рита Бакишева (49 келі), Азиза Қаражанова (53 келі), Мария Севостьянова (57 келі), Айша Әділбекқызы (62 келі), Аяжан Сапархан (67 келі), Меруерт Тікебаева (+73 келі).
Жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілгендер: Әзірет Дүйсенбек (54 келі), Теміржан Тасқын (54 келі), Асқар Өтеген (58 келі), Изият Хасанов (68 келі), Нұрқанат Қожахмет (87 келі), Бауыржан Хасенов (87 келіден жоғары), Таңжұлдыз Тұрымбетова (49 келі), Нұрай Бауыржанова (49 келі), Айдана Сүндетбай (53 келі), Альмира Қанат (57 келі), Камила Аймұқашева (62 келі), Аида Тәукенова (67 келі), Бексұлу Көлбаева (67 келі), Дария Манасқызы (73 келі), Евгения Каимова (73 келіден жоғары), Ақсауле Ерқасымова (73 келіден жоғары).
Турнирдің қалған екі күнінде жасөспірімдер мен жастар арасында жарыстар өтеді. Kazakhstan Open жарысы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Күрес сарайында ұйымдастырылуда.