Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

«Қырғыз акуласы» әлем чемпионатына бара алмайды

Бүгін, 11:58

Оның орнына Бекзат Орынқұлұлы Қырғызстан намысын қорғайды.

UWW

Хорватия астанасы Загребте 13-21 қыркүйек аралығында күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді. Аталмыш жарысқа грек-рим күресінен Қырғызстанның даңқты балуаны, 2 дүркін Олимпиада ойындарының жүлдегері Ақжол Махмұдов қатыспауы мүмкін.

Дереккөздердің мәліметіне сүйенсек «Қырғыздың акуласы» толықтай бабына келіп үлгермеген. Сол себепті оның орнына Бекзат Орынқұлұлы Қырғызстан намысын қорғайды.

Айта кетейік, қазақстандық Демеу Жадыраев пен Ақжол Махмұдов 2024 жылы Париж Олимпиадасының ширек финалында белдесіп,  Жадыраев жеңіске жеткен еді. Нәтижесінде Демеу Олимпиада ойындарының күміс, Ақжол қола жүлдесіне ие болған. Қос балуанның тұғыр биігінде бір-біріне көрсеткен құрметтері арқылы көпшіліктің ризашылығына бөленген еді.

 Сонымен қатар Ақжол Махмұдов 2020 жылғы Токио Олимпиадасында алтынға бір табан қалған кезде сүрініп, күміс жүлдеге қол жеткізген. Бұған қоса 2022, 2023 жылдары 2 мәрте әлем чемпионаттарында топ жарған.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама