Шешуші жарыс 22 тамызда өтеді
Байдарка және каное есуден Қазақстан құрамасының өкілі Сергей Емельянов Италияның Милан қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына жолдама алды.
Спортшы каное-жалғыз бағдарламасында 200 метр қашықтыққа ескек есуден жартылай финалда сәтті өнер көрсетіп, үшінші болып мәре сызығын кесті.
Осының арқасында ол А финалына шықты. Шешуші жарыс 22 тамызда өтеді.