Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

«Бейсбол таяқшасымен ұрды»: ММА спортшысы Хасан Қасымбаев жайлы сұмдық оқиғаны айтып берді

Редактор
22.08.2025, 15:06

«Хуторские» ұйымдасқан қылмыстық тобының серкесі делінген Хасан Қасымбаевтың ісі қаралып жатыр

әлеуметтік желі

2021 жылы адам ұрлау фактісі мен соққының құрбанына айналған ММА файтері әрі бапкер Арман Әлімов сотта сол күнгі оқиғаны егжей-тегжей баяндап берді.

Бұл күндері Талғар аудандық сотында «Хуторские» ұйымдасқан қылмыстық тобының серкесі делінген Хасан Қасымбаевқа қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Кезекті отырыста жәбірленуші ретінде Әлімовтың өзі жауап берді.

«Дүкен жанында бес жігіт жабылып, бас салып соққыға жықты. Көлік дайын тұр екен. Мадияр алдымен қол беріп амандасты да, артынша шап беріп ұстап алды. Бірі аяғымнан тартып, аударып тастады. Жан-жақтан соққы жаудырып, есімнен танып қалдым. Көзімді ашсам, көліктің артқы орындығында жатыр екенмін. Руслан аяғымды қысып отыр, Мадияр денемді басып, Ақтанов басымды ұстап тұр. Мені Талғардың сыртындағы егістікке алып кетті. Қараңғы түсіп қалған кез. Жерге құлата салды да, тергеуге кірісті. Сұлтанбеков пен Асқаров бейсбол таяқшасымен ұра бастады», – деді ол.

Әлімовтің сөзінше, тепкі кезінде Мадияр Қалимжанов жейдесін шешіп, денесіндегі оқ тиген жарасын көрсеткен. Ол «мүгедек болып қалдым» деп жылап, 2020 жылы Еңбекшіқазақ ауданында болған атысқа Әлімовті айыптап, түсінік талап еткен.

«Ақтанов Қасымбаевқа қоңырау шалып, «Не істейміз?» деп сұрады. Ал Руслан бәрін видеоға түсіріп тұрды. Біраз уақыттан кейін Қасымбаевтың өзі келді, бірақ көліктен түспеді. Терезесін түсіріп: «Жетеді, қайтайық, көзге түсіп қалдық, полиция келе жатыр» деді. Содан кейін бәрі асығыс көлікке мініп, тайып тұрды», – деді спортшы.

Жәбірленушінің айтуынша, бәрі кетіп қалған соң таныс таксисіне хабарласып, ол қауіпсіз жерге алып кеткен.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Материалда: